Алматыда аптап ыстық болады

21.07.2022 в 11:06

Төтенше жағдайлар департаменті ыстық күнге қалай төтеп беру керектігі жөнінде мәлімдеме жасады

Алматы қаласында 21 шілдеде ауа райы 36-38 градус ыстық болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға өте қауіпті. Сыртқа шықпай, үйде болуға тырысыңыздар. Жүрекке салмақ түсipетiн дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданбаңыздар. Дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдау қажет. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдарға қан қысымын үнемі бақылауда ұстау керек", - делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырады.