Алматыдан 276 км қашықтықта жер сілкінді

03.07.2022 в 12:16

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.9.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісі 3 шілде күні 8 сағат 26 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.9. Mагнитудасы -4,5. Тереңдігі - 10км. МSК-78 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», - делінген хабарламада.