Бүгін бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады

06.08.2023 в 11:17

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

«Қазгидромет» РМК-сы бүгінге, яғни 6 тамызға арналған  ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, әлі де, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек Қазақстанның батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте желдің соңы шаңды дауылға ұласады. Қазақстанның солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз еліміздің солтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-39°С аптап ыстық, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында 38-41°С қатты ыстық сақталады.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, орталығында 40-42°С өтте қатты ыстық мақталады.

Ақмола, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақаталады, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтобе облысының орталығында және оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.