Алматыдан 839 км қашықтықта жер сілкінді

18.06.2023 в 14:35

MPV магнитудасы – 4.5

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 18 маусым күні Алматы уақытымен сағат 08:58-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 839 шақырым қашықтықта, Кашмир мен Қытай шекарасында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.1

MPV магнитудасы – 4.5.

Тереңдігі – 70 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.