Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді

21.05.2023 в 13:07

Магнитудасы - 4.2

Сейсмикалық стансалар желісі 21 мамырда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 09:06:33 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. Магнитудасы - 4.2. Тереңдігі - 20 км. Байқағыштық туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - деді Алматы қаласы ОСО кезекші операторы.