Алматыдан 399 шақырым қашықтықта жер сілкінді

09.07.2022 в 11:52

Жер сілкінісі ошағының бағыты - 44.33° с.е. 81.62° ш.б.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық стансалар желісі 9 шілде күні таңғы сағат 7:53 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 399 км қашықтықта Қытай аумағында.

Зілзаланың энергетикалық класы - 8.9. МVP магнитудасы - 3.7.

Жер сілкінісі ошағының бағыты - 44.33° с.е. 81.62° ш.б.

Тереңдігі - 15 шақырым.

Сезілгені жайлы мәлімет жоқ.