Ақтөбеде вахталық пойыз қар құрсауында қалды

13.03.2024 в 11:30

Пойыз мұнайшыларды ғана тасымалдайды

Ақтөбе-Жаңажол бағытындағы вахталық пойыз қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе-Жаңажол-Ақтөбе бағытына қатынайтын пойыз «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның меншігінде. Пойыз мұнайшыларды ғана тасымалдайды.

- Вахталық пойыз «СНПС-Ақтөбемұнайгаздікі». Пойыз жолын да солар тазартуы тиіс. Оған «ҚТЖ»ҰК» АҚ, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің қатысы жоқ. Дегенмен көмектесті. Пойыз кеше Жем стансасына аман-есен жеткен, - деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің директоры Серғали Жайлаубай.

СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның қоғаммен байланыс қызметі жауап үшін ресми хат жазуды сұрады.

Оқи отырыңыз: Жүрсіннің жүйрігі атанған айтыскер: 6 жылға сотталды