Алдағы күндері 40 градусқа дейін ыстық болады

01.07.2022 в 12:31

Айдың ортасында ауа температурасы төмендейді

Шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстаның батысында айдың басында, ал қалған өңірлерде бірінші онкүндіктің ортасында ауа райы жауын-шашынды, оқта-текте нөсер жауын жауады.

Бұл кезеңде Солтүстік теңіз аудандарынан суық ауа массаларының ығысуына байланысты елдің солтүстік жартысында түнде +5+13°С, күндіз ауа температурасы +18+28°С-тан +12+17°С-қа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстік жартысында түнде сынап бағанасы +20+25°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +23+30°С-қа дейін түседі.

Бірінші онкүндіктің соңы мен екінші онкүндіктің басында аптап ыстық қайта оралады.

Күндіз ауа температурасы:

оңтүстік-батыс жартысында – +30+40°С;

солтүстікте, орталықта және шығыста +25+33°С дейін көтеріледі.

Айдың ортасында ауа температурасы тағы төмендейді. Республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік және батыс өңірлерде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.

Айдың екінші жартысында ауа температурасы құбылады:

елдің оңтүстік жартысында түнде +15+20°С-тан +18+25°С-қа дейін,

күндіз +25+30°С-тан +35+42°С-қа дейін;

солтүстік жартысында түнде +10+15°С-тан +15+20°С-қа дейін,

күндіз +20+28°С-тан +28+35°С-қа дейін.