Еліміздің кей өңірлерінде -10°С аяз болады

17.04.2019 в 15:41

Ал оңтүстік жақта 2-5°С жоғары болады

Қазгидромент 18-20 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақстанның оңтүстігіндегі белсенді фронтальды бөліктермен алдағы үш тәулікте жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Ал суық арктикалық атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік облыстарында жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ күтіледі және ауа температурасы 2-10 градусқа дейін төмендеп, аяз болады», - делінген хабарламада.

Синопниктердің болжамынша, еліміздің солтүстік өңірінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С төмен, ал оңтүстік облыстарда 2-5°С жоғары болады.