Елімізде демалыс күндері күн райы қалай өзгереді

27.10.2023 в 19:42

Астаналық полицейлер жүргізушілерге көлік дөңгелегін ауыстыруға кеңес берді

Қазақстанда демалыс күндері аяз болады. Синоптиктер елдің басым бөлігінде қар жауады деп болжап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астанада 1 желтоқсаннан бастап көліктер тексеріледі. Көлік дөңгелегін ауыстырмаған тізгіншіге айыппұл салынады. Ал оның сомасы – 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 17 мың теңге. Астаналық полицейлер жүргізушілерге көлік дөңгелегін ауыстыруға кеңес берді

– Астана қаласы полиция департаменті жүргізушілерге көлікті қысқы маусымға дайындауды ескертеді. Жол қозғалысы талаптарына сәйкес, бұл кезде жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады, – деді Полиция департаменті әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы Бәкір Бауыржан.

Ал синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері аяз болатынын айтты. «Қазгидромет» мамандары елдің басым бөлігінде қар жауып, суық болады деп болжап отыр. Тіпті, тұман түсіп, жол тайғақ болуы мүмкін. Солтүстік пен шығыста түнгі уақытта ауа температурасы 5-10 градусқа дейін суытады. Ал күндіз 2-3 градус жылынады. Батыс Қазақстанда күн райы 10-18, таулы аймақтарда 2-7 градус жылынады. 

– Алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөлімнің әсерінен Қазақстанның басым аймағында ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр, қар жауады. Еліміздің оңтүстігінде де жаңбыр жауып, жел күшейеді, көктайғақ, тұман түседі. Сонымен қатар Алматы мен Астанада түнде және таңертең тұман түседі, – деді  «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.  

Полицейлер мен синоптиктердің дабыл қағуы бекер емес. Себебі, биыл 570 жол-көлік оқиғасы орын алған екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайыз көп. Ал жазатайым оқиға салдарынан 25 адам қаза тауып, 642 жолаушы жарақаттанған.

Өмір Серікбекұлы, Нұрлан Өтегенов, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Алматыда көшет отырғызу науқаны басталды