Түркістан облысында полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

17.01.2024 в 13:32

Көктайғақ салдарынан 4 көлік апаты тіркелді

Алматы-Ташкент-Термез және Созақ-Шаян трассаларында жүк көлігінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысында полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Олар күре жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты болады. Құзырлы орган дерегінше, қазірдің өзінде өңірде көктайғақ салдарынан 4 көлік апаты тіркеліп, 1 адам медициналық көмекке жүгінген.

– Бәйдібек, Сайрам, Созақ және Түлкібас аудандарының аумағында жүк көлігінің қозғалысына шектеу қойылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жол жиегіне шыққан ауыр жүк көлігінің жүргізушілеріне көмек көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол ережелерін сақтауға және жолда мұқият болуға шақырамыз, – деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ерлан Асқаров.    

Оқи отырыңыз: Алматыда қардан тазарту жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр