Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12.10.2022 в 14:52

Қазақстанның шығыс жартысында еуропалық антициклон әсерінен жылы ауа райы сақталады

Қазгидромет 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның шығыс жартысында еуропалық антициклон әсерінен жылы ауа райы сақталады. Ал елдің батысы мен солтүстік-батысында Қара теңіз аймақтарынан келетін циклон әсерінен ауа райы бұлтты, жаңбырлы болады.

"Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында күндіз ауа температурасы 15-20 градус, оңтүстікте 20-25 градус, ал батыста, солтүстікте 20-25 градус жылы болады. Елдің солтүстігі мен батысында ауа температурасы 6-15 градус Цельсийге дейін төмендейді", - делінген хабарламада.