Жақын күндері Қазақстан аумағында қатты аяз болады

12.01.2024 в 15:08

Қазақстанның басым бөлігінде арктикалық циклон жүреді

Жақын күндері ауа райы суытып, қатты аяз болады. Өйткені жауын-шашын көбіне құйынның жылы ағысын алып келеді. Артынша ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Бүгін Ресейдің еуропалық бөлігінде айналып жүрген циклон демалыс күндері Сібірге кетіп, Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық енуді күшейтеді. Бірінші батыста, содан кейін еліміздің басқа аудандарына ығысады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады. 

Ал қарлы бұрқасын аязға ұласады.

Ауа температурасы республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында 25-30 градус аязға дейін, шығысында 15-20,  ал оңтүстігінде 5-15 градус аязға дейін төмендейді.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 15-21 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы