Алматыда алдағы демалыс күндері күн күрт суытады

12.10.2023 в 15:43

Батыс аймақта жауын жауып, күшті жел соғуы мүмкін

Алматыда алдағы демалыс күндері күн күрт суытады. Синоптик мамандар осындай болжам айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполисте сынап бағанасы күндіз +16, ал түнде +3 градусты көрсетеді. Мамандар ауа райының кенеттен бұлайша құбылуын солтүстік-батыстан келетін антициклонмен байланыстырып отыр. Осылайша, алдағы аптада күн райы тұрақталады. Күндіз ауа температурасы 15-18 градус жылы болады. Мұндай құбылмалы ауа райы еліміздің өзге де өңірінде сақталады. Батыс аймақта жауын жауып, күшті жел соғуы мүмкін.

– Алматыда ертең нөсер жауын болады. Қаланың жоғарғы бөлігінде, яғни Әл-Фараби көшесі аймағында бұршақ жаууы мүмкін. Сенбіде де күн алабұлтты, жауын жауады. Алдағы аптада күн райы тұрақталады, – деді «Қазгидромет» РМК Алматы қалалық филиалы бөлімінің бастығы Дәулет Кисебаев.