ШҚО-да ертең қар жауады

14.08.2023 в 16:47

Күндіз солтүстік пен шығыста найзағай ойнайды

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметінше, 15 тамызға қараған түні Шығыс Қазақстан облысының тауларында жауын-шашын, ылғалды қар жауады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Күндіз солтүстік пен шығыста-найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Сондай-ақ altay_pro.kz Instagram аккаунтында Алтай тауларының бөктерінде орналасқан Белуха тауына қар түскені туралы жазылды.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысындағы сел: 21 үй су астында қалды