Аяз, қар, тұман: 24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

24.02.2024 в 10:00

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел солтүстік-батысқа қарай соғады, күші 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -31-33°C, күндіз -15-17°C.

Алматыда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5°С.

Шымкентте күн ала бұлтты, өткінші қар жауып, тұман түседі деп болжанған. Солтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз 0-2°С.

Оқи отырыңыз: Алматыда 26 ақпан мен 3 наурыз аралығындағы ауа райы қандай болады