Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

19.06.2023 в 20:51

Ауа температурасы 5-13 градусқа дейін төмендейді

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның барлық өңірінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алдағы күндері терең циклон және  атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын айқындайтын болады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және шығыс, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болып, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Төмен қысымды биіктік жырасы түнгі ауа температурасы солтүстікте 5-13,  ал шығыста 7-15 градусқа дейін төмендеуіне ықпал етеді», – деді «Қазгидромет» РМК инженер синоптигі  Бақытжан Қанатұлы.