Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

08.11.2023 в 21:32

Синоптиктер болжамы

Қазгидромет өкілдері алдағы күндері елімізде күн райы қалай құбылатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Алматыда ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 17 градусқа дейін жылынады. Ал елордада күн бұлтты болады.Таңертең және түнде тұман түседі. 

 - Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райы тұрақсыз болады. Қар аралас жаңбыр жауады. 9 қарашада республиканың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. 10 қарашада батыста қатты жауын жауып, соңы қарға ұласады. 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада еліміздің шығысында қар жауады.

Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта  тұман түседі. Еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік шығысында түнгі сағаттарда ауа температурасы түнде 2 градус аяз, 3 градус жылы, таулы аудандарда 5-10 градус аязға дейін төмендейді,- дейді «Казгидромет» РМК инженер-синоптигі Махамбет Маратов.

Оқи отырыңыз: Биыл қыста ауа райы қандай болады