Тұман, жаңбыр, көктайғақ: 20 қазанға арналған ауа райы болжамы

20.10.2023 в 05:31

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін, 20 қазан күні Ақтөбе облысында көктайғақ болып, тұман түседі.

Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болжанып отыр.

Маңғыстау облысының орталығында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман болады.

Семей, Риддер және Өскемен қалаларында болжанып отырған қолайсыз күн райына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы екінші дәрежелі ескерту жарияланды.