17 қазанда бірнеше өңірде тұман түсіп, үсік болады

17.10.2023 в 07:05

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады

Синоптиктер 17 қазанда республиканың тоғыз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с-ке жетеді.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман. Оңтүстіктен соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с болады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік болады. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 17-22, күндіз екпіні 28 м/с-ке жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Таулы аудандарда 2 градус үсік болады.