Аяз, жел, көктайғақ: 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

11.12.2023 в 08:26

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде 45 градус өте қатты аяз болады

Маңғыстау облысы

11 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді. Ақтау қ.: 11 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.

Атырау облысы

11 желтоқсанда Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік- батысында екпіні 15-20 м/с, Атырау қ.: 11 желтоқсанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

11 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.Түнде облыстың басым бөлігінде қатты аяз 40-41 градус, Петропавл қ.: 11 желтоқсанда түнде қатты аяз 40-41 градус болады.

Жетісу облысы

11 желтоқсанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысы

11 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

11 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 16 м/с күтіледі.

Алматы облысы

11 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы қ.: 11 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Қонаев қ.: 11 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.

Қызылорда облысы

11 желтоқсанда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы

10 желтоқсанның сағат 21.00-ден 11 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Абай облысы

10 желтоқсанның сағат 21.00-ден 11 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Түркістан облысы

11 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасы, облыстың оңтүстігінде тұман болады. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23 м/с жетеді. Шымкент қ.: 11 желтоқсанда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Шымкент қ.: 11 желтоқсанда таңертең және күндіз көктайғақ болады. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысы

11 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

11 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде 45 градус өте қатты аяз болады.

Жамбыл облысы

Таңертең және күндіз 11 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде 12 желтоқсанда таулы аудандарда қатты қар күтіледі. 10-12 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын, 10 желтоқсанда көктайғақ болады. 10-12 желтоқсанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді. Тараз қ.: күндіз 11 желтоқсанда қатты қар күтіледі. 10-12 желтоқсанда тұман, 10 желтоқсанда көктайғақ болады.