Президент журналистерге қарсы жасалған қылмыстарға мұқият тергеу жүргізуді тапсырды

20.01.2023 в 09:14

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлады

Мемлекет басшысы журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Facebook-парақшасында жариялады.

«Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды.

Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс», - делінген хабарламада.