Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар беруді тапсырды

08.02.2023 в 09:14

Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.