Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді – Нығматулин

16.06.2020 в 10:43

Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы 22 маусым күні өтеді

22 маусым күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеңейтілген жиында Парламент депутаттары Үкімет пен Есеп комитетінің өткен жылға есебін тыңдайды деп жоспарлануда.

«2020 жылғы 22 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалатын болады», - деп жазды Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Twitter желісіндегі парақшасында.

2020 жылы 22 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалатын болады.

— Nurlan Nyǵmatýlın (@NigmatulinKZ) June 16, 2020