Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді

09.08.2023 в 11:41

Сапар барысында Президент өңірдегі бірқатар нысанды аралайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады