Майя Бекбаева «Kazakh TV» арнасының басшысы болып тағайындалды

24.04.2019 в 12:22

12 жасында ол жергілікті «Пульс времени» газетінде тілші болған

Белгілі тележүргізуші Майя Бекбаева «Kazakh TV» арнасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

12 жасында жергілікті «Пульс времени» газетінде тілші болған. 2016 жылдан бері «Хабар» арнасында бірқатар бағдарламаларды жүргізіп келеді.