Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ-ге ресми сапары аяқталды

20.07.2023 в 14:00

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселесіне назар аударды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ-ге ресми сапары аяқталды. Саммитке қатысу үшін барған Мемлекет басшысын Сауд Арабиясы королінің тақ мұрагері – министрлер кеңесінің төрағасы қарсы алған еді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ел Президентінің жұмыс сапары Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, зиярат етуден басталған болатын. Ал күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласына барып, «Орталық Азия және Шығанақтағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы» бірінші саммитінде сөз сөйледі.

– Осы тарихи кездесу бәріміз үшін қасиетті жерде бірлік пен өзара қолдау жағдайында өтіп жатыр. Соның арқасында екі елдің бауырластығы және достығы нығая түсетіні сөзсіз, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік-транзит саласын дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ Президент жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін күшейту өте маңызды екенін айтып, саладағы ынтымақтасты нығайту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесу тетігін құруды ұсынды.