АҚШ Қырғызстанға санкция сала ма

20.07.2023 в 13:42

Алмас Айдаровтың айтуынша, Ресеймен экономикалық қарым-қатынас қаз қалпында

Америка Қырғызстанға санкция салуды көздеп отыр. Тыйым салынған тауарларды Ресейге жеткізгені үшін АҚШ әкімшілігі көрші мемлекетке санкциялық пакет дайындап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Қазақстанның СІМ біздің мемлекет былтырдан бері әскери тауарларды Ресейге тасуға тыйым салып тастағанын айтады. Яғни, мұхиттың арғы жағынан санкция салынады деп дүрбелеңге салу бекер екен. Дегенмен, СІМ орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, Ресеймен экономикалық қарым-қатынас қаз қалпында.

– Ресейге санкия салынғалы бері  жағдайды бақылауда ұстап келеміз. Батыс елдерімен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Біз санкциядан қашу немесе жалтару бойынша арнайы іс-шара қабылдамаймыз. Біздің жұмысымыз ашық. Қазақстаннан шығатын немесе біздің ел арқылы өтетін кез келген тауар электронды шот-фактура арқылы тексеріледі. Күмәнді тауарлар болса, бірден анықтаймыз, – деді ҚР СІМ орынбасары Алмас Айдаров.