Астанада мажар ақыны Шандор Петефидің атына көше беріледі

02.11.2023 в 14:50

Көпжақты дипломатияны одан әрі нығайту көзделеді

Елордадағы жаңа көшелердің біріне туғанына 200 жыл мажар ақыны Шандор Петефидің аты беріледі. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен Ақордадағы кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

 - Мажар үкіметінің қолдауымен соңғы 10 жылда Қазақстан студенттеріне білім гранты бөлініп келеді. Көп жастарымыз Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Жаңа ғана осы бағдарламаны жалғастыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл құжат білім саласындағы байланысты одан әрі тереңдетуге жол ашады. Биыл мажар халқының ұлы перзенті Шандор Петефидің туғанына 200 жыл толды. Осыған орай бүгін Астанада жаңа көшеге ақынның есімі беріледі. Біз көпжақты дипломатияны одан әрі нығайтуға ерекше мән береміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жасыл энергетика және денсаулық саласын қаржыландыратын инвестициялық қор құрылады

Tags: көше