Атамбаевты ұстау операциясы кезінде арнайы жасақ өкілі қаза болды

08.08.2019 в 15:00

Ал түнгі 03.00 кезінде күштік құрылымдар Кой-Таштан кетіп қалды, алайда Атамбаевты ұстаған жоқ

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Кой-Ташта елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын ұйымдастырып, оны үйінен әкетуге тырысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тиіспеушілік статусынан айырылған экс-президентке бірнеше айып тағылып тергеуге шақырғанымен, ол барудан бас тартқан. Операция Бішкек уақытымен кеше кешке 20.00 шамасында басталды. Ел ішінде арнайы жасақтың Атамбаев жақтастарына берілгені жайлы ақпарат тараған. Бірақ бұл ақпаратты Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті растаған жоқ.

Атамбаев жақтастары «Апрель» телеарнасы арқылы үй маңынан мылтық оқтарын да тапқанын айтқан. Алайда, арнайы жасақ тек резеңке оқтармен қаруланғанын мәлімдеген еді. «Бүтүн Кырғызстан» саяси партиясының жетекшісі Атахан Мадумаров жасақтың қару қолдануының заңдылығына күмән келтіруде. Оның пікірінше, бұл жағдай Жогорку Кенеште шұғыл сессия шақырылып, талқылануы керек. Түнгі жарымға дейін жалғасқан операция барысында жүрегіне оқ тиген 22 жасар арнайы жасақ мүшесі ауруханада көз жұмды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі 41 адамның жараланғанын, біразы ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Ал түнгі 03.00 кезінде күштік құрылымдар Кой-Таштан кетіп қалды, алайда Атамбаевты ұстаған жоқ.