Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті

29.09.2023 в 15:15

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары жалғасып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары жалғасып жатыр, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Bellevue резиденциясына келді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президентінің резиденциясында Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды.