Мемлекет басшысы агломерацияларды дамытуға қатысты заңға қол қойды

01.01.2023 в 15:25

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Мемлекет басшысы «Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.