Ғабит Байжанов «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды

12.02.2019 в 16:20

Ғабит Байжанов Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын», - делінген Жарлықта.  

Еске салайық, 2018 жылы қыркүйекте Мемлекет басшысының Өкімімен Сартаев Исатай Бахтиярұлы Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалған еді.

«Сырбар» Сыртқы барлау қызметі 2009 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Президентінің жарлығымен құрылған болатын.