Мемлекет басшысы Путинмен телефон арқылы сөйлесті

02.04.2022 в 17:30

Президенттер екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президенттер екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.

Екіжақты сауда-саттықтың қарқынын сақтау үшін екі ел үкіметтері арасында ең маңызды тауар түрлері бойынша ықпалдастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қолжеткізілді.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің барысы туралы мәлімет берді. Украинаның бейтараптық, блоктардан тыс, ядролық қарусыздық мәртебесіне қатысты уағдаластыққа қолжеткізудің аса маңыздылығы жөніндегі ортақ түсіністік туралы айтылды.