Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа сұхбаты «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан көрсетіледі

17.02.2022 в 08:43

Басталуы 20:30-да QAZAQSTAN ұлттық телеарнасында

Бүгін, 17 ақпан күні сағат 20:30-да «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді.