Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

26.08.2022 в 10:56

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады", - делінген хабарламада.