Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек – Тоқаев

01.09.2022 в 11:27

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр

Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. Келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.