2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді – Президент

01.09.2022 в 11:31

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр

2023 жылы Қазақстанда жаңа Салық кодексі әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Үшіншіден, орнықты экономикалық өсім - түсінікті, болжамды салық саясатына тікелей тәуелді. Фискалды реттеуді қайта жүргізу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді. Оның ауқымды бөлігі – салықтық әкімшілік – толық қайта жаңаруы тиіс», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы салықтық бақылауға кез келген сырттай әрекеттестіктерді тыю қажеттігін атап өтіп, осы бағыттың толық цифрландыруын қамтамасыз ету керектігін айтты.