Елімізде әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі

01.09.2022 в 11:56

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі», - деді Мемлекет басшысы.