Қаңтар оқиғасында қаза болған азаматтардың жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек беріледі

01.09.2022 в 12:40

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қаңтар оқиғасында қаза болған азаматтардың жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек беріледі. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз. Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған азаматтардың жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек беріледі. Қазақстан халқына қоры да осы игі іске де үлес қоса береді деп ойлаймын», - деп атап өтті ҚР Президенті.