Техникалық мамандықты таңдаған студенттер қатары жылдан жылға өсіп келеді

01.09.2022 в 17:04

Бүгін Жолдауда білім саласына арнайы тоқталған Президент көптеген тың ұсыныстар айтты

Тегін техникалық және кәсіптік білім берудің келешегі зор. Елімізде бұл жоба ары қарай дами бермек. Бүгін Жолдауда білім саласына арнайы тоқталған Президент көптеген тың ұсыныстар айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі болғандай, Қазақстанда оқу да оқымайтын, жұмыс та істемейтін 237 мың жас бар. Ал жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85 пайызы тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалар. Сондықтан ЖОО жанынан әлеуметтік осал топқа грантқа түсіп, шәкіртақы алуға мүмкіндік беретін қор жұмысын жалғастырмақ.  

«Біздің университетте «Эндаунмент» қоры бар. Бұл жүйе қаражатты ашық әрі нақты мақсатқа жұмсауға мүмкіндік береді. Түлектердің жиғаны бірінші кезекте тұрмысы төмен және ата-анасынан айырылған балаларға грант бөліп, шәкіртақы алуға көмектеседі. Бізде жыл сайын осылайша 40-қа жуық бала тегін білім алады», – деді Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сәуле Сағынтаева.

«Студенттердің еркіндігіне мүмкіндік беру. Биыл Үкімет техника мамандығына көңіл бөліп отыр. Осы саясаты нәтижесінде техникалық мамандықты таңдаған студенттер қатары жылдан жылға өсіп келеді. Бұл студенттердің өз қалауы бойынша сапалы білім алуына мүмкіндік ашады», – деді Алматы энергетика және байланыс университетінің кафедра меңгерушісі Болат Қабдөшов.