«Алматы-Қапшағай» автожолында жаппай көлік апаты: 1 адамның жағдайы ауыр

11.06.2020 в 00:17

Қатты қара қою түтінге байланысты жол полициясы екі бағытта да қозғалысты уақытша тоқтатқан

«Алматы-Қапшағай» автожолында жаппай көлік апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 Жолдың дәл осы учаскесін қоқыс полигонынан шыққан өрттің қою қара түтіні басып, 8 көлік соқтығысқан.

«Өрттің күшеюіне байланысты «Алматы-Қапшағай» ақылы учаскесінің 33-35 шақырымы аралығында 8 көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам түрлі дене жарақатын алды, 1 адамның жағдайы ауыр»,  – деді «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай. 

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі, жол полициясы және жедел жәрдем шамамен сағат 16:30-да келді. Қатты қара қою түтінге байланысты жол полициясы екі бағытта да қозғалысты уақытша тоқтатты. Қазіргі уақытта күшейтілген шаралар қабылдануда.