Маңғыстау облысында нөсер жауын: ауылдарды су басты

21.08.2023 в 02:03

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер суды сору жұмысын жүргізіп жатыр

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Маңғыстау облысының әр аумағында түсірілген видео тарап жатыр, кадрлардан нөсер жаңбырдың салдарын көруге болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәселен, Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені жаңбыр суына төтеп бере алмаған. Спортзалдың шатырынан су сорғалап тұр.

Көшелер мен жолдарда жиналған судан жүру мүмкін емес.

Жаңаөзен қаласының әкімдігінен мәлім еткендей, Рахат және Теңге ауылдарын су басқан.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер суды сору жұмысын жүргізіп жатыр. Жағдайға байланысты жұмысты кезекшілікпен және түнгі уақытта жалғастыру жоспарланып отыр.