Маңғыстауда шенеунік карантин кезінде туған күнін тойлаған

15.09.2020 в 16:12

Лауазым иесінен түсініктеме алынып, әкімшілік айыппұл салу үшін ол облыстық департаментке шақырылған

Маңғыстау облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының той тойлап жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнежазбада киіз үй іспеттес шатыр ішінде отырыс жасап, әйелдер қауымының сыйлықтар таратып жатқаны байқалады. Видео авторы басқарма басшысы Марина Әлбекова осылайша туған күнін тойлап жатыр деп жазған. Бұл дерек бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мемлекеттік қызметшінің жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Лауазым иесінен түсініктеме алынып, әкімшілік айыппұл салу үшін ол облыстық департаментке шақырылған.