Қызылорда облысында жүк көліктері соқтығысып, бір адам қаза болды

26.05.2023 в 01:35

Оқиға 25 мамырда сағат 02:10 шамасында «Самара-Шымкент» тасжолының 1463-шақырымында болды

Қызылорда облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 25 мамырда сағат 02:10 шамасында «Самара-Шымкент» тасжолының 1463-шақырымында болды. Бұл Қазалы ауданының аралығын қамтиды.

«Оқиға барысында DAF үлгісіндегі жүк көлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан Volvo маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 2 адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.