Ақкент шағынауданындағы өрттің шығу себебі айтылды - ТЖД

02.08.2023 в 08:05

Өрт 18:46-да толығымен жойылды

1 тамызда сағат 17:10-да ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алатау ауданы, «Ақкент» ш/а, 54 үй мекенжайы бойынша жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алғашқы өртке қарсы есептері 6 минутта келген сәтте 16-қабатты үйдің кабельдік шахтада электр кабельдер 80 ш.м. алаңында ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Райымбек даңғылында көлік кептелісі болғанына және өрт сөндіру техникасына жолды бөгеп, үйлердің жанында қойылған көліктерге қарамастан, алғашқы өрт есептері оқиға орнына 6 минутта жеткен.

Өрт салдарынан жоғарғы қабаттарда және эвакуация жолдарында қатты түтін мен жоғары температурадан тұрғындардың денсаулығына қауіп төнді.

Дереу оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысы ұйымдастырылып, 80 адам құтқарылды, оның ішінде 35 адам құтқару қалпақтар арқылы, қалған тұрғындар арнайы техниканың көмегімен, 200-ден астам адам эвакуацияланды.

Дереу оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысы ұйымдастырылып, адамдарды эвакуациялау және құтқару үшін 3 өрт сатысы, 2 тасымалдау құрылғысы бар автокран, сондай ақ "аралас тәсілмен" қол өрт сатылары (үш иінді баспалдақ, шабуыл сатысы) орналастырылды.

Өрт 18 сағат 46 минутта өрт толығымен жойылды. 

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД 50 қызметкері мен 14 бірлік техникасы, Полиция департаментінен 40 қызметкер, 11 бірлік техника, 109 құтқару қызметі 12 қызметкерлер, 6 бірлік техника, жәдел жәрдем қызметкерлері – 69 адам, 23 бірлік техника  жұмылдырылды.

Айта кетсек, өрт сөндіру жұмыстарын, сондай-ақ өртті сөндіру техникасының өтуіне   жапсарлас қойылған жеке авто көліктер қиындатты. Осыған байланысты, Алматы қаласының ТЖ департаменті шұғыл қызметтердің жол жүруіне кедергі жасамауды сұрайды.

Өрт болған жағдайда үрей- дүрбелеңге түспеңіз, барлық көпқабатты ғимаратта эвакуациялау үшін баспалдақтар бар, оларға жету мүмкін болмаған жағдайда вентиляциялық каналдарды, пәтердің есігін жауып, балконға шығып, келген өрт сөндіру бөлімшелеріне сигнал беру қажет.

Оқи отырыңыз: Ақкент шағынауданында 16 қабатты үйден өрт шықты