Қатты дауыл: Таразда үстіне ағаш құлаған 12 жастағы бала көз жұмды

28.03.2022 в 09:13

Бала жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған

Таразда 12 жастағы жасөспірімнің үстіне ағаш құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Трагедия кеше 13.30-да болған.

Бала анасымен бірге Төле би даңғылындағы "Арбат" паркі аялдамасында автобус күтіп тұрған.

"Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған бала алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары болған оқиғаны толық және жан-жақты тергеуге бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді.

Айта кетейік, Таразда қатты дауыл, жылдамдығы секундына 30 метрге жетті.