Құлсарыда суға батып бара жатқан 9 бас жылқы құтқарылды

23.04.2024 в 08:48

Зардап шеккендер жоқ

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында құтқарушылар жылқылардың өміріне араша түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

22 сәуір сағат 17:00 кезінде Жылыой ауданы Құлсары қаласында жиналған судың ортасынан шыға алмай қалған жылқылар жөнінде хабар түскен.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына аттанып, уақтылы жетті.

Олар жылқыларды судан шығарып, 9 бас малды қауіпсіз жерге айдады.

Зардап шеккендер жоқ.

Құтқару жұмысына 3 қызметкер, бір техника және қайық жұмылдырылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жағалауға 2,7 млн құм толтырылған қап төселгенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ Атырау облысының БҚО-мен шекарадағы Бағырлай каналына мол су келді.

Құлсары қаласынан 887 мыңнан астам текше метр су сорылды.