Алматыдан 155 шақырым қашықтықта жер сілкінді

24.07.2020 в 08:49

Жер дұмпуі Алматыда сезілмеді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 22 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 07 сағат 34 минут 52 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғыстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 155 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.5. MPV тербелісі – 3.9. Тереңдігі – 15 шақырым», – делінген хабарламада. 

Жер дұмпуі Алматыда сезілмеді.