Әскери колледж кадеті өзіне оқ атып мерт болды

14.02.2024 в 08:50

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті

2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өзіне оқ атып мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім болды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды